Кеңес ал!

18.02.2026

2021 жылдың күзінде Шолпан Балтабайқызы Сәтбаев қаласында азық-түлік өнімдерін саудасымен айналысуды бастады. Осылайша «Жүсіп» ЖК құрылды.

Қысқа уақыт ішінде бұл жер танымал болды.

Алайда Шолпан мұнымен тоқтап қалуды ойлаған жоқ. Қоғамға одан әрі көбірек пайда әкелуді мақсат етіп, ол мүлде жаңа бағытта өзін сынап көруге бел буды. Сөйтіп жеке компьютер клубын ашу туралы шешім қабылдады. Бұл жер қала тұрғындарының күнделікті күйбең тіршіліктен демалып қана қоймай, жайлы әрі қолайлы ортада өнімді жұмыс істеуіне арналған.

Компьютер клубының тұрақты келушілері қатарында ойынға қызығатын оқушылармен қатар, тапсырма орындайтын студенттер, сондай-ақ қашықтан жұмыс істейтін ересек азаматтар да бар.

Әрине, бұл жол қиындықсыз болған жоқ. Бұл қызмет түрі — жай ғана «компьютерлерді қойып, табыс табу» емес, жоғары жүктемені, тұрақты бақылауды және әрбір ұсақ-түйекке мұқият көңіл бөлуді талап ететін бизнес. Табысқа жетуге көптеген факторлар әсер етеді: орналасқан жерінің тиімділігі (электр қуаты жоғары болуы, желдету жүйесі, келушілерге үшін қолайлы жағдай), бастапқы инвестиция (қуатты компьютер, монитор және өзге де жабдықтар сатып алу), лицензия, кадр мәселесі және тағы басқа жағдайлар.

Жобасын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылы Шолпан «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына қолдау сұрап жүгініп, қарыздың жылдық мөлшерлемесін 10%-ға дейін төмендетіп, несие сомасының 56% мөлшерінде кепілдік алды.

Бизнес табысты дамып, танымалдылығы арта түсті, бұл өз кезегінде қызмет аясын кеңейтуді талап етті. Осы мақсатта Шолпан «1-кепілдік қоры» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан қайтадан кепілдік алуға өтінім берді. Кепілдік мөлшері «Банк ЦентрКредиттен алған несие сомасының 30%-ын құрады. Бұл Ұлытау облысы Жезқазған қаласында компьютерлік клубтың екінші нысанын ашуға мүмкіндік берді.

Қазір Шолпан өз қызметінің барлық бағыттарын белсенді түрде дамытып, өңірдегі шағын бизнестің өркендеуіне үлес қосып келеді.

«Армандаңыздар, алдарыңызға мақсат қойып, соңына дейін жетіңіздер. Алдыңызда қабырға тұрғандай көрінсе де, оны қандай жолмен болса да еңсеру керек. Жарып өтіңіздер, асып өтіңіздер, бірақ ешқашан тоқтамаңыздар. Сонда ғана сіздер міндетті түрде табысқа жетесіздер», — деп Шолпан кәсіпкерлік жолын таңдаған жандарға өз ақыл-кеңесін жолдайды.

Ұлытау облысы, Сатпаев қаласы, Сатпаев даңғылы 82а

Instagram: @khan_cyber_arena

+77081929292