menu
Жабу

Кеңес ал!

«Halyk city — әрбір тұтынушы үшін бір қадам алға»

19.02.2026

Түркістан қаласының бөлшек сауда нарығында жаңа супермаркеттер желісі — «Halyk city» жұмыс істейді. 

1.jpg

Компания 2024 жылы 3 000 шаршы метр жерге заманауи ғимарат салып, супермаркет ашып, коммерциялық алаңдарды жалға беруден іс бастады. Бұған қаладағы сауда орындарына сұраныс артып, кәсіпкер бизнесті әртараптандыруға ұмтылып, тұрғындарға қолжетімді және ыңғайлы сауда форматын ұсынуға тырысуы түрткі болды. Бүгінде Halyk супермаркеттері тәулік бойы «халал» стандарттары бойынша жұмыс істеп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен өз өндірісіндегі жаңа піскен нан-тоқаш өнімдерін ұсынады. Желідегі супермаркеттер күн сайын 1000-нан 1500-ға дейін тұтынушы қабылдайды, ал тұрақты акциялар, бонустық бағдарлама және жоғары қызмет көрсету деңгейі тұрғындардың сенімін нығайтып, үлкен тұрақты клиенттік базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бизнестің дамуына «Даму» қорының қолдауы басты рөл атқарды. Мемлекеттік бағдарлама аясында компания Халық банктен 19,75% мөлшерлемемен несие алғанда оның 10,75%-ын Қор субсидиялады. Бұл – қаржылай жүктемені едәуір жеңілдетті. Осы қолдаудың арқасында құрылыс уақытында аяқталып, инфрақұрылым кеңейтіліп, тағы бір сауда орталығы ашылды және қызметкерлер саны 50-ден 100-ге дейін өсті. Бұл тауарлар қатарын кеңейтуге, тауар айналымын арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Halyk city компаниясының басшысы Мұхтар Еркебұлан «басқалар бір қадам жасаса, біз екі қадам жасаймыз. Басқалар жүрсе, біз жүгіріп өтуіміз керек», - деген ұранмен жүретінін айтады.

Түркістан облысы, Түркістан қ., Сандыбай көшесі, 1 үй

Телефон: +7 707 696 89 64

Instagram: @halyk.market