Кеңес ал!

25.02.2026

Жұмабек Сәдуақасов — Қызылорда облысының табысты кәсіпкер, құрылыс материалдарын өндірушілердің бірі. Оның кәсіпорны құмблок, жолға тас кенере, су ағызу науалары және тақтатастар шығарып, өңірдің құрылыс саласының дамуына үлес қосып келеді.

Алайда табыс жолы жеке өндірісті ашудан әлдеқайда бұрын басталған.

Инженер-механик жас Жұмабек Абдікәрімұлы еңбек жолын кірпіш зауытында бастады. Кейін жөндеу-механикалық зауыттарда (РМЗ) жұмысын жалғастырып, өндірістік үдерістер бойынша мол тәжірибе жинақтап, саланың ерекшеліктерін терең меңгерді.

Ұзақ жылдар жалдамалы қызметте жұмыс істегеннен кейін ол жеке кәсіп ашу туралы шешім қабылдады. Кәсіпкерліктегі алғашқы қадамы көмір саудасынан басталды. Осы бағытты дамыту ү шін жер телімін сатып алып, өз қаражаты есебінен теміржол тұйығын салды. Бұл іс тұрақты табыс әкелгенімен, ауқымды өсім болмады.

Осы кезеңде Қызылорда облысы қарқынды дамып, құрылыс көлемі артып, сапалы құрылыс материалдарына сұраныс жоғарылады. Нарықтағы мүмкіндікті көрген Жумабек Абдукаримұлы 2013 жылы жеке өндірісін іске қосты. Бастапқыда бұл өнім көлемі шектеулі шағын цехтар болатын.

Маңызды кезең 2020 жыл болды. Компания Bereke Bank тарапынан қаржыландыру алды. Сонымен қатар, Фонд «Даму» пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы қолдау көрсетіп, несиелік жүктемені едәуір азайтуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде заманауи өндірістік жабдықтар сатып алынып, өнім шығару көлемі бірнеше есеге артты, сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі күшейді.

Бүгінде Садуакасов Жумабек Абдукаримұлының кәсіпорны тұрақты жұмыс істеп, өңірді құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Компания құрылыс саласының дамуына ғана емес, Қызылорда облысының экономикасының нығаюына да үлес қосып келеді.

Бұл — кәсіби тәжірибе, стратегиялық ойлау және мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдалану арқылы тұрақты әрі дамып келе жатқан бизнесті қалыптастырудың жарқын үлгісі.

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесі, 276
Телефон: +7 (701) 898-28-46
Instagram: @ordastones_kyzylorda