«Раъно-Бегим» ЖШС — Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласында қарқынды дамып келе жатқан компания, жеке білім беру секторының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Қазіргі таңда компания мектеп жасына дейінгі балаларға сапалы тәрбие мен білім беретін екі балабақшаны табысты түрде басқарып отыр.
Құрылған күннен бастап «Раъно-Бегим» ЖШС-нің басты мақсаты — балалар үшін қауіпсіз, заманауи әрі дамытушы орта қалыптастыру. Мұнда білім беру стандарттары, әр балаға жеке көзқарас және қамқорлық өзара үйлесім тапқан. Кәсіби ұстаз командасы мен жан-жақты ойластырылған білім беру бағдарламасының арқасында компания балабақшалары ата-аналардың сеніміне ие болып, өңірде оң бедел қалыптастырды.
«Раъно-Бегім» ЖШС 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба бойынша іске асырылып жатқан «Даму» Қоры кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан несие алды.
Алынған қаражат жаңа балабақша сатып алуға бағытталды. Бұл өз кезегінде балаларға арналған орын санын арттыруға, қосымша жұмыс орындарын ашуға және сапалы мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Жобаның жүзеге асырылуы компанияның білім беру қызметтері нарығындағы позициясын нығайтып қана қоймай, халықты қолжетімді әрі сапалы мектепке дейінгі тәрбие қызметтерімен қамтамасыз ету секілді маңызды әлеуметтік міндетті шешуге де үлес қосты.
Бүгінде «Раъно-Бегим» ЖШС — нақты даму стратегиясы бар, сапаға, қауіпсіздікке және балалардың үйлесімді дамуына бағытталған тұрақты әрі табысты бизнес. Мемлекеттік қолдау мен қаржы институттарының сенімі компанияның ауқымды түрде дамуына маңызды негіз болды.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай көшесі, 5
Instagram: @Aya_safia_detskiisad
Тел.: +7 778 918 19 19