menu
Жабу

«Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша демеушілік көмек көрсетілді

Жаңалықтар
07.12.2016

Арқалық қаласында Рифат Амекачевқа «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша демеушілік көмек ретінде – қаңылтыр жұмыстарына арналған материалдар табыс етілді. Қажет заттарды қала кәсіпкері Гүлзира Ғабдолхамитқызы Сейдаханова демеушілік етті.

Рифат Амекачев Қарабалық ауданында әр түрлі кәсіпорындарда өмір бойы темір жонушы Болып жұмыс істеді. 2006 жылдан бері қаңылтырдан қол жуғыштар, терезе алды, суағарлар т.б өнімдер жасаумен айналысады. 2015 жылы ІІ топтағы мүгедектік алған. Кейіннен Арқалық қаласына көшіп көшіп келуге тура келді. Көші-қон барысындағы шығындар жетерлік. Өз бизнесін бастауға қаражат тапшылық етті.

«Құрылыс дүкендеріне барып, нарықты байқадым. Мен өз қолыммен жасай алатын өнімдер сырттан әкелінеді және қымбат. Мен болсам арзанырақ жасаушы едім, бірақ өзімнің материалым болмады»,-деп Рифат еске алды.

«Даму-Көмек» бағдарламасы туралы естіп, Рифат Арқалық қаласындағы «Даму» Қорының өкілдігіне барды. Көмек көп күттірмеді. Гүлзира Ғабдолхамитқызы Сейдаханова жас, бірақ қаладағы таныс бизнес-вумен. «Даму» Қорының субсидидиялау және кепілдендіру бағдарламаларының қатысушысы. Ол кәсіпкерді материалмен қамтамасыз етуге тез келісті.

«Біз көмектесіп және қолдауымыз керек. Рифат жарады, еңсесін түсірген жоқ, - деді Гүлзира Ғабдолхамитқызы.

«Енді менің жұмысым тоқтамайды! Қорға зор алғыс! Демеушіге үлкен рахмет!» - дейді