2025 жылдың 19 қазанында есігін айқара ашқан “Bright Futures School” — 1–4 сынып аралығындағы балаларға арналған толық күндік, қазақ тілінде білім беретін мықты бастауыш мектеп. Мектептің негізін қалаушылар Турдин Серик Муратханович пен Сыязбекова Асель Сламгажиевна басты мақсат ретінде сапалы ұлттық білім мен заманауи әдістемені ұштастыруды көздеді.
Мектепте оқу үдерісі толық күн форматында ұйымдастырылған және оқушыларға күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі. Сонымен қатар, үй тапсырмасын ментормен бірге орындау сағаттары қарастырылған. Осы арқылы әр оқушыға жеке қолдау көрсетіліп, білім сапасы нығая түседі.
Мектептің басты ерекшеліктерінің бірі — күшейтілген ағылшын тілі және сингапурлық математика бағдарламасы. Бұл әдістер оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, еркін тілдік орта қалыптастыруға жол ашады.
Сондай-ақ, Университет Шәкәрім мен ТОО “Bright Futures School” арасында ағылшын және қытай тілдерін оқыту бағытында өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалған. Серіктестіктің мақсаты — оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру, көп тілді білім беру ортасын дамыту және өңірде шетел тілдерін меңгерудің жаңа деңгейін қалыптастыру.
Балалардың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Мектепте бес бағыттағы үйірмелер жұмыс істейді: тоғызқұмалақ, робототехника, шахмат, заманауи би және арт-дизайн. Әр бала өз қабілетін ашып, қызығушылығын дамытуға мүмкіндік алады. Мектеп ең жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген және заман талабына сай білім береді. Бірақ оның ең үлкен құндылығы — достық пен қолдауға толы атмосфера. Мұнда әр бала өзін еркін сезініп, білім алуға ынталанады.
2025 жылы «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуының нәтижесінде 10 млн теңге көлемінде «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы қаржыландыру алып, бастауыш мектепке арналған сапалы қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік алды.
Бүгінде “Bright Futures School” — 1–4 сыныптарға арналған, қазақ тілінде сапалы білім беретін, толық күндік мықты бастауыш мектеп ретінде қалыптасып келеді. Бұл — жарқын болашаққа бастар сенімді алғашқы қадам.
«Bright Futures School» ЖШС
Байланыс телефоны: +7 702 614 47 66, +7 702 703 34 17
Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Жангелдин көшесі, 85
Инстаграмм: @bfs_semey