Кеңес ал!

11.03.2026

Garbar Group брендімен танылған жеке кәсіпкер Нирвана компаниясының қалыптасу тарихы – шағын өндірістік бастамадан бастап, нақты даму стратегиясы бар, тұрақты әрі әлеуметтік бағдарланған кәсіпорынға дейінгі жүйелі өсу жолы. 

Қызметтің алғашқы кезеңінде кәсіпорын негізінен стандартты үлгідегі жиһаз өндірісіне және типтік тапсырыстарды орындауға бағытталды. Сол уақыттағы басты мақсат – сапалы өнім ұсына отырып, сенімді өндіруші ретінде бедел қалыптастыру, ішкі өндірістік үдерістерді жүйелеу және кәсіби команда құру болды. Кезең-кезеңімен Garbar Group нарықтағы орнын нығайтып, тәжірибе жинақтап, серіктестер мен тұтынушылар аясын кеңейтті. 

Уақыт өте келе өндірісті жаңа деңгейге көтеру үшін қосымша қаржыландыру мен технологиялық жаңғырту қажеттілігі айқындалды. Қызмет ауқымын кеңейту мақсатында жеке кәсіпкер Нирвана «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие қаражатын тартты.

Жоба шеңберінде компания әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру құралдары арқылы қолдау алды. Бұл тетіктер қаржылық жүктемені азайтып қана қоймай, жобаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге және өндірісті жаңғыртуға бағытталған инвестицияларды тиімді іске асыруға мүмкіндік берді. 

Нәтижесінде Garbar Group заманауи жабдықтармен толықтырылып, технологиялық әлеуеті айтарлықтай артты. Өндіріс үдерістерінің автоматтандырылуы өңдеу дәлдігін күшейтіп, өнім түрлерін кеңейтуге және күрделі, стандарттан тыс жобаларды жүзеге асыруға жол ашты. Осылайша компания қарапайым нарық сегментінен шығып, қосылған құны жоғары әрі бәсекеге қабілетті жаңа экономикалық модельге қадам басты. 

Өсудің келесі кезеңі инфрақұрылымды нығайтумен жалғасты. Garbar Group жеке шоурум кеңістігін иеленіп, кеңселерді, мейрамханаларды және коммерциялық нысандарды отандық жиһазбен кешенді жабдықтау бағытын дамытуға мүмкіндік алды. Бұл кеңістік өндірістік сараптама, сапалы сервис және стратегиялық даму тоғысқан орталыққа айналды. 

Компания дамуының маңызды бағыты – әлеуметтік миссия. Негізін қалаушының ерекше қажеттіліктері бар екі баланы тәрбиелеудегі жеке тәжірибесі Garbar Home қолөнер шеберханасының құрылуына негіз болды. Жаңа алаң тек өндірістік емес, сонымен қатар оқыту және әлеуметтік бейімдеу платформасына айналды. 

2025 жылы аутизм және өзге де менталдық ерекшеліктері бар балаларға арналған 120 тегін шеберлік сабағы өткізілді. Сабын жасау, шам дайындау, гипспен және сәндік материалдармен жұмыс істеу бағыттары бойынша ұйымдастырылған бұл сабақтар Garbar Group компаниясының өндірістік қызметінен қаржыландырылады. Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін жаңа жұмыс орындары құрылды. 

Осылайша өндірістік даму мен әлеуметтік жауапкершілік Garbar Group стратегиясының өзара тығыз байланысты құрамдас бөліктеріне айналды. Бизнестің нығаюы әлеуметтік бастамалардың ауқымын кеңейтсе, әлеуметтік миссия компания құндылықтарының берік негізін қалыптастырады.

Дамудың келесі кезеңі – Garbar Home онлайн-платформасын іске қосу. Бұл жоба қолөнер дағдыларын үйретумен қатар, оларды табыс көзіне айналдыруға бағытталады. Курстар қазақ тілінде әзірленіп, ымдау тіліндегі аудармамен және практикалық мазмұнмен ұсынылады, бұл олардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 

Бүгінгі таңда Garbar Group – автоматтандырылған өндірісі, жеке шоурумы және күрделі нарық сегментіне бағытталған кеңейтілген өнім желісі бар жаңғыртылған кәсіпорын. Компания жүздеген жүзеге асқан жобаларды, жыл сайын өткізілетін 120 әлеуметтік шеберлік сабағын, құрылған жаңа жұмыс орындарын және ауқымды білім беру платформасын біріктіріп отыр. 

Garbar Group тәжірибесі әлеуметтік кәсіпкерліктің экономикалық тұрғыдан тиімді әрі стратегиялық тұрғыдан орнықты модель екенін дәлелдейді. Өндірісті дамыту ұзақ мерзімді әлеуметтік өзгерістерге және отбасылардың қаржылық дербестігін қалыптастыруға негіз болған жағдайда, бизнес шынайы миссияға айналады.

Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыөзек көшесі, 1/2

Сәкен Сейфуллин, 47

Сығанақ көшесі, 32

Телефон: +7‒702‒189‒99‒57

Instagram: @garbar_group