Кеңес ал!

13.03.2026

«Даму» қоры шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен субсидиялау туралы келісімдерге қол қойылғанын хабарлайды.

Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, тамақ өнімдерін өндіру, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ қолөнер салаларын қоса алғанда, экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарлама аясында инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға арналған қарыздарды субсидиялау қарастырылған. Қарыздың ең жоғары сомасы – 200 млн теңгеге дейін, субсидиялау мерзімі – 3 жылға дейін.

Мемлекет қарыз бойынша сыйақының номиналдық мөлшерлемесінің 40%-ын субсидиялайды.

Бағдарлама экономиканың негізгі салаларын дамытуға қолдау көрсетуге және бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.

Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерлер серіктес банктерге тікелей жүгінуі қажет.