Атырау облысында жел электр стансалары қолданысқа енгізілуде

Жаңалықтар
02.10.2020

Жасыл энергетика әлемдегі болашағы зор сала және Қазақстан аумағында тиімді инвестиция бағыты болып саналады. Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) мемлекет тарапынан қолдау ішкі экономиканың электр энергиясын көміртексіз өндіруге қарай көшуіне ерекше серпін берді.

_AMT4356.JPG

Жаңартылатын энергияның басқа түрлерімен салыстырғанда (күн, геотермал немесе өзен) жел индустриясы ең тиімді және қауіпсіз. Жел электр станциясын басқару толықтай автоматтандырылған, мұнда ақау өте сирек кездеседі. Станцияны алдын-ала жоспарланған жерге орнату – халықты электр энергиясымен үздіксіз және қауіпсіз қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Атырау облысы, Исатай ауданы, Манаш ауылында «Ветроэнерготехнология» ЖШС жел электр станциясын салу және пайдалану үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 14%-бен «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында несие алды. мемлекет 8%-ын субсидиялады. Кәсіпкерге тек 6%-ы ғана қалды.
«Даму бағдарламасының қаражаты есебінен несиеміздің субсидиялануы біздің компаниямыздың дамуына септігін тигізеді. Нарықтағы орнымызды нықтап, өз өндірісімізді кеңейтуға таптырмас мүмкіндік. Біз сонымен қатар саланың жаңа мамандарын оқытып, жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз. «Даму» қорына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіргіміз келеді», - дейді кәсіпкер.

Атырау облысы

Исатай ауданы,

Нарын селолық өңірі, Манаш аймағы

Vetroenergo.kz@gmail.com