17.03.2026
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «QazTrade» АҚ, «QazIndustry» АҚ, «Qazpatent» ҒЗИ, «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК-мен бірлесіп, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ның көмегімен кәсіпкерлерді бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша тегін онлайн-семинарларға қатысуға шақырады.
Семинар аясында:
• Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған өзекті бағдарламалар;
• кепіл тапшылығы кезіндегі балама шешімдер;
• экспорттық мәмілелер кезінде тәуекелдерді азайту;
• сыртқы нарықтарда сенімді сатып алушылар іздеу;
• бизнес үшін тауар белгісін тіркеудің артықшылықтары;
• өндіріс шығындарын ішінара өтеу;
• тегін кеңес алу және қолдау мүмкіндіктері қаралады.
Семинарға қатысу тегін. Ол үшін тек тіркелу керек.
Семинарды кәсіпорын орналасқан жеріне сәйкес таңдауды ұсынамыз.
*
Онлайн семинарлар кестесі (басталуы 11:00):
19 наурыз – Астана қ.
26 наурыз – Алматы қ. және Алматы облысы
2 сәуір – Шымкент қ.
9 сәуір – Ақмола облысы
23 сәуір – Атырау облысы
14 Мамыр – Ақтөбе облысы
28 мамыр – Шығыс Қазақстан облысы
11 маусым – Жамбыл облысы
16 шілде – Батыс Қазақстан облысы
23 шілде – Қарағанды облысы
30 шілде – Қостанай облысы
6 тамыз – Қызылорда облысы
13 тамыз – Маңғыстау облысы
20 тамыз – Павлодар облысы
27 тамыз – Солтүстік Қазақстан облысы
10 қыркүйек – Түркістан облысы
24 қыркүйек – Абай облысы
8 қазан – Жетісу облысы
22 қазан – Ұлытау облысы.
*
Қатысу үшін тіркеуден өту керек. Сілтеме:
https://forms.gle/3LBX336RELhnA6mg8
Қосылуға сілтеме (ZOOM) тіркелгендерге семинардан бір күн бұрын, көрсеткен E-mail және WhatsApp-қа жіберіледі.
Қатысу мәселелері бойынша:
Шарбану Байғошқарова
+7 707 396 67 87
sh.baigoshkarova@kazakhexport.kz