Кез-келген қызмет саласында жүк көтеруге тура келетін жағдайлар болады. Әсіресе адам күші жеткіліксіз, орасан зор салмақты затты қозғау керек болғанда арнайы құралдар қажет. Мұндай жағдайлар үшін жүк жылжыту процесін жеңілдететін арнайы механизмдер ойлап табылған.
Оралдық кәсіпкер Сергей Литвиновтің бизнесі жүк көтергіш құрылғылар, механизмдермен байланысты.
Сергей Саратов политехникалық институтын бітірген. Ұзақ уақыт Батыс Қазақстан облысындағы ең ірі зауыттардың бірінде «Омега» аспаптар жасау зауытында инженер болып жұмыс істеді. Тоқсаныншы жылдардың басында жұмысынан айырылып, өзін әртүрлі салаларда, соның ішінде кәсіпкерлікте сынап көре бастады. Кәсіпкердің айтуы бойынша жолы тақтайдай тегіс болып, шаруаның бәрі кілтипансыз шешіліп жатпаған. Бірде тәжірибе, бірде қаржы жеткіліксіз болды ...
Бірақ біртіндеп, 2000 жылдар басында әр істің басын шалуды доғарып, нақты бір салада мамандануды шешті. Атап айтқанда кәсіпорындар мен жеке адамдарға болат арқандар жеткізуге кірісті. Уақыт өте келе өнім түрі мен клиенттер қатары арта бастады. Кәсіпкер «Айзен ЛТД» ЖШС ашып, лицензия алып, жүк көтергіш жабдықтарды шығаруға кірісті. Ал 2018 жылы «Даму» қорының қолдауымен, шығаратын өнімді орналастыруға арналған үй-жай алды.
Биыл кәсіпкер қыркүйек айында айналым қаражатын толықтыру үшін «Альфа Банк» АҚ ЕБ арқылы несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік кәсіпорнының бірінші бағыты аясында қолдау тапты. Мөлшерлеме 17,5%-ды құрады, оның 11,5%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, қалған 6%-ын ғана кәсіпкер төлейді. «Даму» қоры несие сомасының 85%-ына кепіл болды.Мекенжайы: БҚО, Орал, Матросов көшесі 29/1
Тел. 8 777 563 49 56