info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

PROTEC – кәсіби антифриз шығарады

Жаңалықтар
05.10.2020

«АЗИЯ-СМ» ЖШС 2016 жылдан бастап Protec сауда белгісімен жоғары сапалы антифриз өндіреді. 

Нарықта сапасы жоғары бола тұра бағасы қолайлы антифриздер болмағандықтан, кәсіпкер осы өндірісті ашуға білек сыбана кіріскен. Кәсіпорында шикізат пен шығатын өнім сапасын бақылайтын жекеменшік зертхана мен R&D орталық бар. Бұл — жеңіл көліктен бастап қуатты өнеркәсіпке дейінгі қозғалтқыштарға арналған антифриздердің барлық түрін шығаруға мүмкіндік береді. Компанияның тұрақты клиенттері — тау-кен, жол салу, ауылшаруашылық саласы өкілдері. Сонымен қатар, Protec антифриздері Huyndai автомобильдерін конвейермен құрастыру барысында қолданылады. 

Қормен көп жылдан бері ынтымақтастықтамыз. Дамудың қолдауы біздің дамуымызға және өнімнің өзіндік құнын тұрақтандыруға қомақты септігін тигізіп келеді. Біз «Бизнестің жол картасы 2020/2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия және кепілдік түріндегі қолдауларды алғанбыз. Соның арқасында несие жүгі жеңілдеді», — дейді «АЗИЯ-СМ» ЖШС басшысы Константин Пахарев.

> 2020 жылы «ВТБ банк» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыруға несие алып, оның 17% мөлшерлемесінің тек 10,2%-ын ғана компания төлейді, ал 6,8% айырмасын мемлекет Қор арқылы субсидиялайды. Сондай-ақ, Қор жетіспейтін кепілді жабу үшін 44% кепілдік берді.

Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Новошоссейная к-сі, 8

+7 (721-29) 8-33-33

www.protec.kz

sales@protec.kz