menu
Жабу

Үйдегі тігіншіліктен Жаңаөзен қаласының үздік тігін цехына дейінгі кәсіпкерлік жол

Жаңалықтар
02.12.2016

Жанаөзен - Қазақстандағы жиырма жеті моноқалалардың бірі. Жаңаөзен қаласында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны мемлекеттің бизнесті қолдау бағдарламаларының арқасында артып жатыр.

Гүлмира Тлепова тігін оқуын аяқтап, алтыншы санатты шебер атағын алғаннан соң, 2001 жылы өзінің сүйікті ісі бойынша кәсіпкерлікпен айналысуды шешеді. Ол Жаңаөзен қаласының қыз-келіншектеріне арнап, ұлттық киім-кешек тігуді бастайды. Тігілген өнімдер тек қана Жаңаөзенде емес, бүкіл Маңғыстау облысына танымал.

Жаңаөзен қаласындағы «Даму» қорының кәсіпкерлікті дамыту орталығынан кеңес алған кәсіпкер, несие алу үшін қажетті құжаттар тізімін жинап, Ақтау қаласындағы «ЦентрКредит» АҚ банкіне ұсынады. Несиенің негізгі мақсаты - ғимарат сатып алып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Ол жерге 5 тен 7-ге дейін жұмыс орнын ашуды көздейді.

Өзінің бизнес идеясын жүзеге асыру үшін Гүлмира Саменқызы «ЦентрКредит» банкінен 14% бен несие алады. Кәсіпкер ол несиенің бар болғаны 4%-ын өтейді. Мемлекет моноқалада ашылған жоба болғандықтан қалған 10% үстемақысын субсидиялайды.

Дене келбетіне сай тігілген, әсіресе дене пішімдері стандартты емес адамдар үшін өзінің ойлаған киімін табу қиын болғандықтан, тігін цехына деген сұраныс өте жоғары. Әр тұтынушының талғамына сай, сапалы матамен, эксклюзивті ұлттық нақышта киім өндірісімен айналысу - тігін кәсібінің дамуына зор үлесін қосары сөзсіз.