«УзКазТекс Трейд» ЖШС 2017 жылдан бері Utex брендімен танымал болған. 2020 жылға дейін компания арнайы киім сатумен айналысса, биыл пандемия жарияланғанына қарамастан, «Даму» Қорының мемлекеттік қолдауының арқасында өз өндірісін іске қосты.
Компания жиырма түрлі кәсіп иелеріне арналған киім шығарады. Оған мата мен материалды отандық өндірушілерден алады. Өз өндірістік желісін қосуға 2020 жылы көктемде қол жеткізді.
Кәсіпорын тігін жабдықтарын және шикізат сатып алуға 15 млн теңге несие керек болған кезде «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 14%-бен қаражат алды. Оның тек 8,4%-ын ғана компания төлейді, қалған 5,6%-ын мемлекет субсидиялайды. Ісін жаңа бастаған компанияның өз кепілдігі жетпеген кезде «Даму» қоры несие сомасының 85%-ына, яғни 12,7 млн теңгеге кепілдік берді.
Пандемия кезінде кәсіпорын жаңа бағытты игеріп, обадан қорғайтын арнайы қорғаныш киімдерін тіге бастады.
Компания директорының орынбасары Әділ Сыздықова компания бәсекелестіктен қорықпайтынын және болашаққа сеніммен қарайтынын атап өтті.
«Нарықта біз секілді компания көп емес. Қазір қарқын алудамыз және тапсырыстарды тек Павлодарда ғана емес, Семей, Екібастұз, Ақтөбе, Алматы және Қарағандыда да қабылдай аламыз», — деп атап өтті Әділ Сыздықова.
Павлодар, Центральная промзона 795/1
+7 (705-70) 7-12-12
Инста: @utex.kz