Гофрокартон – қаптаманың танымал түрлерінің бірі. Өйткені, ол қолдануға ыңғайлы, берік, температураға төзімді және салмағы аз. Гофроыдыс дайындауға макулатура мен целлюлозадан алынған қағаз және картон шикізат ретінде пайдаланылады. Бұл ресурс үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан оң шешім.
Қарағандыдағы «Гофро-К» ЖШС – қоңыр, ақ қабаты бар екі, үш және бес қабатты гофрленген, сондай-ақ түрлі көлемдегі және конфигурациядағы берік қап, қораптар шығаратын өндірушілердің бірі.
2020 жылы «Гофро-К» ЖШС «БанкЦентр Кредит» АҚ арқылы гофроқораптар өндірісі үшін желілер мен ілеспе жабдықтарды сатып алу үшін жылына 14,95% мөлшерлемемен қаржы алды. Оның 8,95%-ын «ҚЗЭ» механизмі аясында «Даму» Қоры субсидиялайды, ал қалған 6%-ын компания төлейді. Субсидия мерзімі 84 айды құрады.
«Гофро-К» ЖШС
Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Волгодонская к-сі, 119
Телефоны: (721-25) 6-89-76