menu
Жабу

Оңтүстік астанада теледидар құрастыратын кәсіпорын қолдау алды

Жаңалықтар
05.10.2020

Қазір қолданыстағы теледидарлар мен орыс ғалымы Владимир Зворыкин ойлап тапқан кинескопты құралдың айырмасы жер мен көктей екені айқын. Технология дамыған сайын теледидардың тек сыртқы түрі ғана емес, функциялары да түбегейлі өзгеріп келеді. Өндірушілер жыл сайын жаңа үлгі, технологиялар мен трендтерді ұсынады.

Бүгінгі әңгіме өзегі Алматыда орналасып, TCL сауда белгісімен теледидар құрастырумен айналысатын компания жайында болмақ.

2.JPG

«Astro Engineering» ЖШС 2008 жылы мамыр айында құрылған. Сол жылы-ақ бірден TCL маркалы теледидар құрастыратын өндірісті іске қосты. TCL атауы «The Creative Life» деген сөздің қысқарған түрі. Яғни, «шығармашылық өмір» деген мағына береді.

Биыл компания «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы мемлекеттің қолдауын пайдаланды. Бағдарлама бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесі 6%-ды құрайды. Қаражат шикізат сатып алуға жұмсалды.

TCL маркалы теледидарлар Technodom, EVRIKA, Alser, Sulpak, Mechta сияқты тұрмыстық техника сататын барлық ірі желілерде сатылады.

 телефоны: +7 (727-22) 3-03-64

мекенжайы: Алматы қаласы, Боралдай көшесі, 93 А

e-mail: info@astrobt.kz