menu
Жабу

Пандемия бизнес бастауға кедергі емес

Жаңалықтар
05.10.2020

Анар Торегелдина ұзақ жылдар бойы бос тұрған ғимаратта «Mont Blanc» атты мейрамхана ашты. Замануи, кең фьюжн стиліндегі зал, балалар бөлмесі, сәбилер тағамы мен талғампаздардың көңілінен шығатын арнайы мәзір, табиғи дауыстағы музыка — мұның бәрі «Даму» қорының қолдауы арқасында мүмкін болды.

«Даму» қорының мамандарымен кеңескеннен кейін Анар аясында мейрамхананы жаңартуға және жабдық сатып алуға «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы несие алуға өтініш берді. Несие «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14,5%-бен берілді, оның 8,5%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, ал кәсіпкер қалған 6%-ын ғана төлейді.

Мейрамхана — бірінші қабатта демалыс бөлмесі бар 2 қабатты кешен. Жайбарақат атмосферада қонақтар тамақтан, дәмді сусындардан дәм тата алады. Балаларға арналған мәзір, гамбургерлер, пицца да ұсынады. 2-ші қабатта сахна мен табиғи әуенге арналған зал бар. Сондай-ақ, ыңғайлы орындықты бар алаңындағы мейман әр түрлі сусындардан дәм тата алады.

Бүгінде коронавирус пандемия сына орай мейрамхана бизнесі ең тәуекелі жоғары сала болып саналады. Осыған қарамастан, Анар қорықпай, жобаға тек ақшаны ғана емес, сонымен бірге зор күш-жігерін жұмсады. «Даму» қоры Mont Blanc мейрамханасына сәттілік пен өркендеу тілейді!