«Grand Miks» фабрикасы жиһаз шығаратын шағын цехтан бастап Қазақстанның оңтүстігіндегі жетекші брендке айналды. Фабрика жиһаздың барлық түрін ұсынады.
«Біздің міндетіміз - ең жақсысын жасау. Бұл процес материалдарды шығарудан бастап дайын өнімді жинауға және орауға дейінгі технологиялық барлық кезеңді қамтиды» - дейді компания басшысы Собиржан Исхаков.
Өндірісте қолданылатын материалдар өте алуан түрлі. Әдетте, шкаф жиһазы ламинатталған ДСП-дан жасалады. Ас үй үшін әр түрлі түсті пластмасса және дайын МДФ материалы қолданылады. Корпусты жиһаздар мен витраждардың кенерелі түрі өте танымал. Жұмсақ жиһазға арналған жұмсақ маталар әрдайым жаңа сән үлгісімен тігіледі.
Баға аса қымбат емес, бөлшек және көтерме сатып алушылар мен дилерлер үшін тапсырыс беру мен жеткізудің логистикалық кестесі жолға қойылған. Қазір фабрика жаңа және жетілдірілген өндіріс технологияларын, заманауи материалдарды көбірек енгізуде.
2017 жылы жабдықты сатып алу және қолданыстағы несиені қайта қаржыландыру мақсатында кәсіпкер «Даму» қорына жеңілдетілген несие үшін жүгінді. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жобаны қарастыра отырып, қаржыны 15,7%-бен берді. Оның 7%-ың «Даму» қоры субсидиялайды және несие сомасының 50%-ына кепілдік берді.
«Біз өз жұмысымызды жақсы көреміз және мақтан тұтамыз. Біздің менеджерлер өнім туралы барлық қажет ақпаратты беруге дайын. Фабриканың кез-келген топтамасының ең сәтті нұсқасын таңдауыңызға көмектеседі», - деді Собиржан.
Мекен-жайы: Түркістан, өндірістік аймақ
Тел.: +7 (771) 8984488
Эл. пошта: manager@grandmiks.com