Көкшетауда мемлекет семолина өндірісін қолдады

Жаңалықтар
06.10.2020

Семолин – қатты сұрыпты бидайдың ірі етіп тартылған түрі. Яғни нан пісіруге өте ыңғайлы қарапайым жарма. Оны шығарушылардың бірі – «Agrimer-Astyk» ЖШС 1924 жылы құрылған Көкшетау жанында жұмыс істейді.

Агример 1.JPG

Кәсіпорын астық қабылдау және жинаудан кейінгі – кептіру, тазалау, сақтау, ұсақтау және астықтың тауарлық партияларын дайындау, жұмсақ бидайды қайта өңдеу, қатты бидайды қайта өңдеу, авто немесе теміржолмен көлігімен жөнелту жұмыстарын жүзеге асырады. Кәсіпорынға келіп түсетін астықтың сапасын барлық қажетті жабдықтармен жарақтандырылған жеке зертханада анықтайды.

Агример 2.JPG

«Agrimer-Astyk» ЖШС 2019 жылғы желтоқсанда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау алды. Кәсіпорынға Forte Bank АҚ 3 жыл мерзімге 900 млн теңге несие мақұлдады. «Даму» Қоры аталған бағдарлама бойынша ішінара субсидиялап, 7%-ын өтейді. Қалған 7% кәсіпкерге қалады. Сондай-ақ, «Даму» Қоры несиенің 180 млн сомасына кепіл болды.

Мекенжайы: Көкшетау, Сулейменов көшесі 5, тел 8 (7162) 42-65-54