menu
Жабу

Бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы мен «Даму» қорының кепілдігі – табысты бизнестің кілті

Жаңалықтар
13.09.2017

Бүгін Павлодар қаласында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде «Даму» Қорының кепілдігі бойынша алғашқы келісім-шартқа қол қойылды.

«Аппарель» ЖШС өнеркәсіптік газ өндірумен айналысады. Бизнесті дамыту үшін жаңа жабдық сатып алу қажет болды. Компания басшысы Насонова Татьяна «Халық банкіне» келіп, несиені бар-жоғы 6 пайызбен де алуға болатынын білді. Бұл кәсіпкер үшін жақсы хабар болды. «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан толық кеңес алып, әрі екінші жақсы жаңалықты білді. Несие сомасының 50 пайызына банк алдында «Даму» қоры тегін кепілдік береді екен.

Екі апта ішінде құжат жинап, Қордың кепіл болуымен 6 пайыздық несие алатын болып шешілді.

Татьяна Александровна бағдарламаның арқасында компаниядағы жұмыс орындарды сақталып, жаңасын ашуға мүмкіндік туғанын айтты.

Қазір Павлодар қаласының банктерінде 12 жоба қарастырылу үстінде.