menu
Жабу

Атырауда мемлекеттік қолдаудың арқасында «Лето» кофеханасы ашылды

Жаңалықтар
07.10.2020

Өздеріңіз білетіндей, қоғамдық тамақтану саласы таңертеңгілік ас ішуге немесе үйде тамақтануға уақыт таппай, жол үстінде жеңіл тамақтанатын адамдар үшін ыңғайлы, бизнес үшін нарықтағы игерілмеген тың болып саналады.

«Мята-Атырау» ҚК компаниясы 2018 жылдан бастап «Мята» франшизасымен Lounge-bar шеңберінде қызмет көрсете бастады.

Қазіргі уақытта «Мята» Lounge-bar — бұл жастар арасында танымал болып келе жатқан жердің жаңа форматы. Онда ересектер жайлы атмосферада демала алады, балалар үшін де ойын алаңы қарастырылған.

Қоғамдық тамақтану саласындағы бизнесін одан әрі дамыту мақсатында «Мята-Атырау» ЖК «СберБанк» АҚ ЕБ арқылы кофехана ашу үшін өтінім берді. Банк «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті дамыту және қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 14,5-бен несиелеп, мемлекет 8,5 пайызын субсидиялады. Кәсіпкер 6 пайызын ғана төлейді. Қор несие сомасының 47 пайызына кепілдік берді.

«Кофеханамыздың басқа тамақтандыру орындарынан ерекшелігі – кофе түрінің көптігінде. Мәзірде бұдан басқа көптеген кондитерлік өнімдер, салқын және ыстық тағамдар бар. Эспрессо, капучино, латте, ристретто, американо сияқты классикалық позициялар ғана емес, әртүрлі кофе коктейльдері де енген»,- дейді Мария Абакумова.

Мекен-жайы: Атырау қ., Владимирская к-сі, 16;

Байланыс телефоны: 8 (705-16) 4-55-94

Instagram: @Leto.atyrau