Кеңес ал!

31.03.2026

Ризабек Хайровтың табыс тарихы — бұл кәсіби адалдықтың, жоғары шеберліктің және балаларға көмектесуге деген шынайы ұмтылыстың жарқын үлгісі. Ол С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін үздік тәмамдап, хирург мамандығы бойынша терең білім алып, өзінің кәсіби жолын еліміздегі жетекші медициналық мекемелердің бірі — Алматы қаласындағы онкология институтында бастады. Дәл осы жерде ол балалар хирургиясы саласында баға жетпес тәжірибе жинап, күрделі жағдайлармен күн сайын бетпе-бет келіп, кішкентай науқастардың өмірін сақтап қалуға атсалысты.

Уақыт өте келе, туған өлкесінің медицина саласының дамуына үлес қосу ниетімен Ризабек Хайров жұбайы, білікті дәрігер-гинеколог Анаргүлмен бірге туған жері Атырау қаласына оралу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам олардың жеке өмірінде ғана емес, өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің дамуына да маңызды серпін берді.

Кәсіби қызметі барысында Ризабек Хайров өзін тәжірибелі басқарушы және жоғары білікті маман ретінде көрсетті. Ол Исатай ауданы орталық аудандық ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарып, халыққа медициналық көмекті ұйымдастыруға елеулі үлес қосты. Кейін әріптестерінің шақыруымен Атырау облыстық балалар ауруханасында жұмысын жалғастырып, әртүрлі жастағы балаларға күрделі хирургиялық операциялар жүргізуге қатысып, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытты.

Кәсіпкердің өзі атап өткендей:
«Жеке кәсіп ашу идеясы жылдар өте келе қалыптасты. Балалар хирургиясы саласы терең білімді ғана емес, сонымен қатар үздіксіз жетілдіруді, жаңа әдістер мен технологияларды енгізуді талап етеді. Біз балаларға кешенді әрі сапалы медициналық көмек көрсетілетін ортаны құруды мақсат еттік».

Өз ісін ол балалар хирургы кабинетін ашудан бастап, қызмет түрлерін біртіндеп кеңейтті. Клиникаға кардиолог, невропатолог, педиатр, ультрадыбыстық диагностика дәрігері сияқты жетекші мамандар тартылды. Бүгінде кішкентай науқастар бір жерде толыққанды медициналық көмек ала алады. Сонымен қатар, клиника логопед, гинеколог және нейрохирург қызметтерін ұсынады, бұл оны өңірдегі балаларды кешенді емдеудің маңызды орталығына айналдырады.

Медициналық мекеменің дамуына мемлекеттік қолдау ерекше ықпал етті. 2022 жылы «AMIRHAN medical clinic» ЖК 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында қаржыландыру алды. Ал 2025 жылы жобаны одан әрі кеңейту және заманауи медициналық құрал-жабдықтар сатып алу мақсатында ForteBank тарапынан қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «ГФ-1» шеңберінде кепілдік беру» бағдарламасы бойынша несиеге кепілдік берді.

Бүгінде клиника диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдерін енгізе отырып, дамуын жалғастыруда және балалар денсаулығы басты орында тұратын сенімді медициналық орталық болып қала береді.

Атырау қ, Волгорадская көшесі, 1

инстаграм: amirhan_medical_clinic

тел: +7 778 916 01 02