Нұрбек пен Аида Батыровтар биыл жыл басында Оралда кондитерлік цех ашқысы келді. Алдымен «КазСевенТрейд» ЖШС тіркеді. Сөйтіп Оралда HappyCake франшизасымен кондитерлік цех ашуға кірісті.
Happy Cake - кондитерлік өнімдер желісі нарықта 7 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан отандық франчайзинг. Бұл франшиза бойынша қазір алты сауда нүктесі жұмыс істейді. Оның үшеуі Нұр-Сұлтанда және үшеуі Алматыда. Сонымен қатар басқа қалаларда да франшиза бойынша ашылған бес пункт бар.
Жаңа бизнесті жүзеге асыру барысында жөндеу жұмыстары мен жабдық сатып алуға қаражат қажет болды. Кәсіпкер дереу «Даму» қорына жүгінді. Қор мамандары ең қолайлы бағдарламаны таңдап берді. Сөйтіп, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жылына 6%-бен «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы несие алды және кепілдің жетіспейтін бөлігі үшін «Даму» қоры кепілдік берді.
Қазір Happy Cake Орал қаласы тұрғындарының жүрегін жаулап алды.
instagram@happycake_uralsk
Телефон: 8 707 777 11 44
Орал қаласы, Мұхит көшесі, 96-үй