31.03.2026
«Іскер Аймақ» бағдарламасына қатысатын серіктестер тізімі толықты.
«Даму» Қоры шағын бизнесті қолдайтын «Іскер Аймақ» атты бірыңғай бағдарлама аясында ForteBank және QZQ Finance-пен субсидия туралы келісімге қол қойды.
Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі, тамақ өндіруші, жиһаз бен құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ қолөнерді қоса алғанда, басымдық берілген салалардағы микро және шағын кәсіпкерлерді қол жетімді қаржыландыруды көздейді.
Бағдарлама аясында инвестиция мен айналым қаражатын толықтыру мақсатына алынған қарызды субсидиялау көзделген. Максимал сома – 200 млн теңгеге дейін, субсидия мерзімі – 3 жылға дейін. Мемлекет сыйақы мөлшерлемесінің 40%-н өтеп береді.
Кәсіпкерлерге қатысу үшін серіктестерімізге жүгіну қажет.