Кеңес ал!

03.04.2026

Зарина Исмухамбетова 2017 жылы жеміс-көкөніс консервілерін өндіру мен техникалық қызмет көрсетуден бастап, бірнеше жыл ішінде ол саланы терең зерттеп, іскерлік байланыстар орнатты. 2022–2023 жылдары нарықты талдай келе, ол сұранысқа ие томат өнімдеріне басымдық берді, бұл шешім сәтті өткен сынақ сатылымдары арқылы расталды. Сапалы өнім жасауға деген құштарлық, өз ісіне деген махаббат пен қоғамға пайда әкелуге ұмтылыс жеке бизнесті ашуға басты мотивация болды. Осылайша, 2024 жылдың наурыз айында шамамен 20 млн теңге бастапқы капиталмен, табиғи шикізат пен импортты алмастыруға бағытталған «CANNERY» компаниясы құрылды. Істі бастау кезіндегі қиындықтарға қарамастан, бизнес қарқынды дамыды. Бүгінде компания соустар, томаттар, морстар, компоттар мен шырындардың 20-дан астам түрін шығарады. Команда құрамы 4-тен 15 қызметкерге дейін өсіп, өнімдер ішкі нарықта ғана емес, Өзбекстанға экспортқа да шығарылуда. Қазіргі уақытта «CANNERY» сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін заманауи қайта өңдеу кәсіпорнын салуды жоспарлап, даму үстінде.

Мемлекеттік қолдаудың рөлін де ерекше атап өткен жөн. «ГФ-1» шеңберінде кепілдік беру» бағдарламасы аясында «Даму» қоры компанияға жеңілдетілген қаржыландыру мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы рәсімделген несиеге кепілдік берді. Бұл қолдау айналым қаражатын ұлғайтуға және бизнестің ауқымын кеңейту кезеңінде дамуды жеделдетуге мүмкіндік берді.

Зарина Исмухамбетова өз ұстанымын былайша тұжырымдайды: «Мақсат + Команда + Ресурстар = Жетістік». Компанияның қазіргі қарқынына қарап, бұл формуланың тиімділігін сеніммен айтуға болады. 

Мекенжайы: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округі, Ақсу ауылы, Астана даңғылы, 94А ғимарат

Телефон: + 7 777 919 18 65

Instagram: @cannery.group