Былтыр жыл соңында Қостанай облысы, Жітіқара қаласында «Алсуша» балалар тауарлары дүкені есігін айқара ашты. Дүкенде баланы бақытқа бөлейтін ойыншықтар мен бұйымдардың барлық түрі бар.
Артем Клазер - тәжірибелі кәсіпкер. Әйелі екеуі киім-кешек сатады. Бұл дүкеннің сатылатынын естіген кәсіпкер бизнесін кеңейтіп, балалар тауарларын сатуды бастауға бел буды. Бірақ ол үшін қаражат қажет еді. Артем «Даму» қорының Қостанай филиалына келді. Кәсіпкердің жеке қаражаты жеткіліксіз еді. Ал қалған бөлігін мемлекеттік бағдарлама бойынша несиеге алуды жоспарлаған болатын.
Артемге несиені «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жылына 14,25%-бен берді. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкер 7%-бен төлейді, айырмашылығын «Даму» қоры субсидиялайды. «Даму» қоры 5 миллион теңгеге кпілдк те берді.
«Біздің дүкеннің басқа ұқсас сауда нүктелерінен ерекшелігі - қаланың дәл орталығында, орталық базардың жанында орналасқан және өтімді орын. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында біз бұл жерді сатып ала алдық. Мемлекеттің көмегінсіз қиналар едік. Енді біздің клиенттер тағы бір тамаша дүкен ашқанымызға қуанышты. Себебі керегін бір жерден сатып ала алады», - дейді Артем. @alsushatoys 87778989233 Қостанай облысы, Жітікара қаласы, 2 ш/а, 7-үй