«Манақбай» корпорациясы» ЖШС даму кезеңі 1993 жылдан басталады. Тоқсаныншы жылдарының басындағы дағдарыс кезінде жұрт жаппай ала дорба арқалап кеткен кезең еді.
Компания алдымен көшеде сауда орындарын ұсынды. Ал 2000 жылы сауда үйін салды. Кәсіпкерлер заманауи үлгідегі сол сауда үйінде бутиктерді жалға алып, тұтынушылар ыңғайлы жерде сауда жасай алатын болды.
Жиырма жеті жыл ішінде шағын фирма қала орталығындағы екі сауда үйінде орын ұсынатын павлодарлық ірі компанияға айналды. Мұнда демалыс күндері келушілер саны 15 мыңға дейін жетеді.
«Манақбай» корпорациясы» ЖШС директоры Мұсайытова Гүлсинаның айтуынша, компанияның мақсаты – бутиктерді жалға алушыларды да, сатып алушыларды да қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету. 2020 жылдың басында компания сауда үйінің тағы бір қабатын салуды бастады.
Сауда үйін кеңейтуге несиені «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша алды. «Нұрбанк» АҚ берген 14,5%-дық несиенің 8,5%-ын мемлекет субсидиялайды. «Даму» банк алдында кепіл болды.
«Көп кәсіпкерлер үшін осындай күрделі кезеңде мемлекеттік қолдау аса маңызды. «Даму» Қорының субсидиялары мен кепілдігі кәсіпкерлерге бизнесті дамыту үшін қажет,- дейді Гүлсин Мұсаитова.
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі 15
7182 55 49 86; 7182 55 17 89