Нан пісіру және кондитерлік қызмет – тамақ өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі. Оның даму деңгейі халықтың өміріне әсер етеді және мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің негізін құрайды.
Александр Козин 2012 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады. Осы жылдар ішінде ол мол тәжірибе жинады, тұрақты және сенімді серіктес ретінде беделге ие болды.
Жылдар бойғы тәжірибесіне сүйене отырып, Александр нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер шығаратын жеке наубайхана цехын ашпақ болды. Наубайхана құрылысын кеңейтіп, цехқа жабдықтар сатып алу қажет болған кезде жобаны банкке дейін сүйемелдеу бойынша көмек алу үшін «Даму» Қорының Тараз қаласында орналасқан филиалына келді.
Құжаттарды толық жинағаннан кейін «ForteBank» АҚ арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі 15%-бен несие алып, пайыздық мөлшерлеменің 9%-ын субсидиялады.
Ашылған нан-тоқаш өнімдерін өндіретін өндірістік цехта 50 адам жұмыс істейді. Жаңа наубайханада нан, тоқаш, торт, ірімшік қосылған күлшелер секілді өнімдердің барлық түрлері пісіріледі. Болашақта өндірісті ұлғайту және өнім түрлерін көбейту жоспарлануда.
Цех мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
Привокзальная көшесі, 12-үй
Байланыс телефоны: 8 705 616 10 00
Instagram: @Hlebniydar_bakery