«Моншаға әркім кіреді. Бірақ олар бақыт дегенді шыққан кезде сезінеді». Шығыс Қазақстандық кәсіпкер Темірханова Салтанат Ержанқызы осы сөзді жиі қайталайды
Жұбайы екеуі 10 жыл бойы банк саласында жұмыс істегендіктен, олар стресс пен ой еңбегінен шаршаудың не екенін біледі. Жағаны жайлауға салатындай жағдай үнемі болмағандықтан, иық шаршап, арқа құрысып, аяқ ұйып тұратыны олар үшін таныс жағдай. Қарағайдың иісі бұрқыраған табиғи монша осының бәрін бір сәтті сыпырып алатынынан да хабары бар.
Күндердің бір күнінде, қаржы саласында тәжірибесі мол Салтанат пен жұбайы алған білімдерін жеке бизнес ашуда сынап көрмек болды. Көп ойланбастан монша кешенін саламыз деп шешті. Сөйтіп, жиған-терген қаржысына 2019 жылдың қараша айында «Рублевский моншалары» атты кешенді ашты. Онда әрқайсысы 20 адамға дейін сыятын үш бу бөлмесі, мерекелер мен демалыстарға арналған жеке бөлмелер, кең қонақжай және жуыну орны бар. Бәсекелестерден басты артықшылығы - жеке ас үй, караоке, кальян, тегін WI-FI, жылы еден және жеке заттарды сақтауға арналған құлыптары бар арнайы шкафтардың болуы.
Кәсіпкер мамыр айынан бастап монша аумағында бассейн ашқан. Оны салуға «Нұрбанк» АҚ арқылы 14,5%-бен несие рәсімдеп, оның 8,95%-ын мемлекет «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында субсидиялады. Осылайша кәсіпкерге жылына төлеуге тек 6%-ы ғана қалды. «Рублевские моншасы» жайында қысқа мерзім ішінде ел құлақтанып, сұраныс артып шыға келді. Осыған байланысты, кәсіпкер екінші қабат қосып, қолда бар аумақты кеңейту үшін тағы қаржы алмақ болды. Бұл жолы несие аларда кепілзат жетпегендіктен, «Даму» Қоры қарыз сомасының 80%-ына кепілдік берді. Сондай-ақ несие мөлшерлемесін 6%-ға дейін субсидиялады.
Болашақта ерлі-зайыпты Темірхановтар сауықтыру орны, массаж, пилинг, тұз шахтасы, фитобочка және т. б. сияқты қосымша қызметтерді ұйымдастыру үшін қосымша корпус салу арқылы бизнесін одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.
Мекенжай: ШҚО, Семей қаласы, Пестель к-сі, 52
Телефон: 8 7222 380365; 8 7774 380 365
Instagram: @rublevskie_bani