15 қыркүйек жұма күні Қарағанды облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді.
Андрей Никифоров жүк тасымалымен айналысады. Кәсіпкер «Даму» Қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, оған мемлекеттің кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағдарламаларының бірін қолдану ұсынылды. Андрейді жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы, оның ішінде несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 6% құрайтын шарты қызықтырды. КҚКО кеңесшісі кәсіпкерді екінші деңгейдегі банкке дейін жеткізді.
«АТФбанк» АҚ жүк көлігін сатып алу бойынша жобаны қарап, кәсіпкерге қаржы бөлу туралы шешім шығарды.
Кәсіпкерге «Даму» Қоры тегін кепілдік берді. Кепілдік несие сомасының 45% мөлшерін құрады.
Бұл жобаның арқасында бір жұмыс орны құрылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша микронесиені беру шарттары:
Қарыз алушының қолына тиетін қаржының сыйақы мөлшерлемесі 6% аспайды;
Несиенің ең жоғары сомасы – 8 000 АЕК (1 несие алушыға 18 152 000 теңге);
Несие инвестиция мен айналым қаражатын толтыру үшін (сауда саласын қоспағанда) беріледі;
Салалық шектеу мен комиссия жоқ.
«Даму» Қорының аймақтық КҚКО мекен-жайы: Қарағанды, Құрылысшылар даңғылы 4. Қызықтыратын сұрақтар бойынша 400-969 нөмірі бойынша хабарласыңыздар.