Алматы қаласында «СТАТОР-М» ЖШС мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
14.10.2020

Электр жабдықтарын жөндеу және диагностикалау – бұл тек жанға батқан кезде ғана жүгіретін стоматологиялық кабинетке ұқсайды. Мұнда құрал сынған кезде ғана көмек сұрап келеді.

«СТАТОР-М» ЖШС – өнеркәсіптік электр қозғалтқыштарын жөндеу, диагностика жасау, қайта қалыпқа келтіру және күрделі жөндеу бойынша қызметтер көрсетеді. Білікті қызметкерлер, өндірістік база және техникалық жағынан жақсы жарақтандырылуы – сапалы жұмыстың кепілі. 2012 жылдан бастап «Статор-М» компаниясы WEG (Бразилия) корпорациясының Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің аумағындағы авторизациялы сервис орталығы.

Компания электр қозғалтқыштарын жөндеу бойынша келесі қызметтерді ұсынады:

  •     Статор және ротор орамаларын жөндеу және ауыстыру (қайта орау-ескі ораманы алып             тастау және ұқсас қиманың жаңа сымынан ораманы жасау;

  •       Мойынтіректерді ауыстыру және майлау;

  •        Статор темірін қалпына келтіру;

  •        Электр қозғалтқыш катушкаларын қалпына келтіру;

  •         Мойынтірек қалқандарын қалпына келтіру;

  •         Станок қозғалтқыштардың, тельферлердің және т. б. басқару автоматикасын тексеру                және жөндеу.

Ресми деректер бойынша, электр жабдықтарын жөндеу және диагностикалау бойынша қызметтердің 58%-ы бірден еліміздің екі ірі қаласы – Алматы, Нұр-Сұлтанға тиесілі екен.

2020 жылы компания құрал-жабдық сатып алу үшін «Forte Bank» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6%-бен несие алды.

050002, Қазақстан, Алматы қ.,

Кудерин к-сі, 65б, 18 кеңсе, 2 қабат

Тел.: +7 (727) 390 9011

E-mail: info@stator.kz

Сайт: www.stator.kz