menu
Жабу

Ақмола облысында «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында кезекті көмек көрсетілді

Жаңалықтар
24.11.2016

Елена Балабина бала кезінен бастап ІІІ топ мүгедегі. Қазіргі таңда Елена Балабина зағиптар қоғамында жұмыс істеп, көрпе тігуімен айналысады. Ол қосымша табыс табуды, үйде отырып іс тігуді ойлады. Алайда жоспарын жүзеге асыру үшін жеке тігін мәшинесі жоқ еді. «Даму-Көмек» бағдарламасы туралы естіген Елена Балабина «Даму» Қоры сайтына өтінімін берді. Бұған жеке кәсіпкер Шолпан Какпенова үн қатты.

Елена Балабина демеушіге алғыс айтып, оған бизнесте табыс тіледі. Шолпан Какпеноваға «Даму» Қорының атынан алғыс хат табыс етілді.