Павлодар облысындағы сапалы, заманауи жиһаз шығаратын компаниялардың бірі – Суворова Юлия Борисовна басқаратын «Вавилон жиһаз ательесі.
2006 жылы компания басшысы Юлия Суворова жұбайымен бірге үйге және кеңсеге арналған жиһаз шығаратын компания ашты. Он төрт жыл ішінде фирма шағын өндірістен Павлодар облысындағы ірі жиһаз өндірушілерінің біріне айналы.
«Біз жұмысымызға баламыздай қараймыз. Осы іспен өмір сүреміз. Әр қызметкер жанының бір бөлігін жасаған бұйымына салады. Біз клиенттерге жайлылық пен қуанышын сыйлаймыз. Кәсіби мамандар мұны шын жүректен істейді,-дейді Юлия Суворова.
Компания он төрт жыл бойы жалға алынған цехта өнім шығарды. 2020 жылы «Даму» Қорының көмегімен «Вавилон» жиһаз ательесі өз цехын салды.
Бүгінде Қазақстанда бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша цех құрылысына несие алдық. Алты пайызды өзіміз төлейміз, сегіз пайызды «Даму» Қоры убсидиялайды. Банк талап еткен кепілзат жетпеген кезде несие сомасының елу пайызына Қордың кепілдігін алдық. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ цех салып біткенше жарты жылға мерзімге несиені шегере тұруды ұсынды. Менің ойымша, бұл өте жақсы қолдау, - деді кәсіпкер.
2021 жылдың көктемін Юлия Суворова мен «Вавилон» жиһаз ательесінің» тату ұжымы жаңа, жекеменшік цехта қарсы алады.
@mebel_vavilon_pvl
Павлодар, Естай көшесі 140, Естай көшесі 81
87182 39 35 24, 39 35 74, 90 36 11