info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

МЁD — отбасылық демалысқа қажет нәрсенің бәрі бар

Жаңалықтар
20.10.2020

Көкшетауда «МёD» атты отбасылық ойын-сауық кешені ашылды. Жылы атмосфера, балалардың күлкісі, жағымды музыка және айналадағы мейірімді адамдар — мұның бәрі «МеD қабырғасында». Кешенде балалардың ойын-сауық аймағы, аниматорлар, күтушілер қарастырылған, ата-аналар мен кішкентай балалардың жайлы демалуы үшін жағдайлар жасалған. Әр апта сайын балаларға арналған Саз балшықтан жасалған мүсіндерді бояудан бастап котлет шайқасына» дейінгі әртүрлі тақырыптарда шеберлік сағаттары өтеді.

«Біз үшін ең бастысы — қонақтарымыздың көңіл күйі. Балалардың күлкісін, қуанып, шаттанғанын көргенде, түрлі шеберлік сағаттарын жасап, ойлап тапқымыз келеді»,-дейді мекеме басшысы Ануар Досымов.

Ануар Досымов 2013 жылы көшпелі үйлену іс-шараларын, салтанатты тіркеулерді, залдарды безендір бойынша бизнесті бастаған. 2016 жылы әйелімен бірге үйде кондитер өнімдерін сатумен айналыса бастады. 2017 жылы өзінің және ата-анасының пәтерін сатып, үстіне өз ақшасын қосып, «Caffein» атты кофехана ашты. Ғимаратты жалға алды.

«МеD» отбасылық ойын-сауық кешенін ашу үшін ерлі-зайыпты Досымовтар «Халық Банкі» арқылы биыл маусым айында 50 млн теңге несие алды. Даму Қоры «БЖК 2025»аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, қарыз сомасының 49%-ына кепілдік берді.

Көкшетау, Әуелбеков 49.

Тел. 8 (707-71) 6-99-99

Инстаграмм: @med_familycenter