Кеңес ал!
Бүгін біз 10 жылдан бері Атырау қаласында болттық қосылыстар, фланецтер өндірумен және мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика мен құрылыс салаларына арналған бекітпе материалдарын жеткізумен айналысып келе жатқан қарқынды дамып келе жатқан «Стадболт Мануфактуринг» ЖШС туралы баяндаймыз. Бүгінде компания ASME, British Standard, DIN, ГОСТ және басқа да халықаралық стандарттарға сәйкес бекітпе элементтерін өндіретін еліміздегі бірегей кәсіпорын болып табылады. Өнім өндіруде көміртекті, тот баспайтын, легирленген және суперлегирленген болаттар, сондай-ақ Duplex, Incoloy, Inconel материалдары қолданылады.
Заманауи жабдықтар, озық материалдар мен өндірістік база «Стадболт Мануфактуринг» ЖШС-не жоғары сапалы әрі кең ассортименттегі металл бұйымдарын, соның ішінде жеке тапсырыс бойынша өнімдер шығаруға мүмкіндік береді. Компания ASME стандарты бойынша фланецтерді және шпилька, алты қырлы болт, бұранда, гайка, анкерлік (іргетастық) болттар секілді бекітпе бұйымдарын өндіреді.
Сонымен қатар компания Nord-Lock (Швеция) және James Walker (Англия) компанияларының ресми өкілі болып табылады және тапсырыс берушілердің сұранысын барынша қанағаттандыру мақсатында дірілге қарсы шайбалар, тығыздағыштар (гаскеттер), фланецтер, фитингтер, механикалық және химиялық анкерлер, хомуттар, U-болттар және түрлі материалдардан жасалған өзге де өнімдерді жеткізеді.
«Стадболт Мануфактуринг» ЖШС өнімдерінің негізгі тапсырыс берушілері қатарында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В» филиалы, «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» Қазақстан филиалы, «Sicim», «Монтажспецстрой» АҚ және басқа да ірі мұнай-газ операторлары бар. Ал негізгі шикізат жеткізушілері — Батыс Еуропаның жоғары сапалы өнім өндірушілері.
Кәсіпорын одан әрі даму аясында «ForteBank» АҚ тарапынан мақұлданған қаржыландыруға қол жеткізді. Сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «ГФ-1 шеңберінде кепілдендіру» бағдарламасы бойынша несиеге кепілдік беру арқылы қосымша қолдау көрсетті. Бұл компанияға жабдықтарды жаңғыртуға, өндірістік қуаттарды арттыруға және өнім шығару көлемін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Компания басшысы Сәкен Мұратовтың айтуынша: «Біздің компанияның басты басымдықтары – өнім мен өндірістің сапасы, сенімділігі және қауіпсіздігі. Мемлекеттің нақты қолдауының арқасында біз болашағымызды сенімді жоспарлап, қалыптастырып келеміз».
Айта кету керек, компания «ULTTYQ ÓNIM» көрмесінің жыл сайынғы қатысушысы болып табылады.
Атырау қаласы
Оңтүстік өнеркәсіптік аймақ, 52-ғимарат
Байланыс телефоны: 8 7122 459772 / 87010599681
e-mail: sales@studbolt.kz
Studbolt.kz