Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында жылына 6%-бен несие алуға болады.
Алматы облысындағы Plastic Pro Invest ЖШС шикізат сатып алып, айналым қаражатын толықтыруға ForteBank АҚ арқылы жылына 13,5%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялау құралының арқасында төлем мөлшерлемесін 6%-ға дейін төмендетті.
«Біз Қазақстанда 5 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Киім ілетін пластик манекендер жасаймыз, сұйықтықтар, тамақ және химия өнімдерді сақтау және тасымалдауға, тамақ және өнеркәсіпте пайдаланылатын әртүрлі сыйымдылықтағы ыдыстар өндіреміз. Шуртан газ-химия кешені (Өзбекстан), «Уфаоргсинтез» ЖШҚ (Ресей) сияқты өндірушілер шығарған пластик жасайтын шикізат – төмен және жоғары қысымды түйіршіктерді сатамыз. Мемлекеттік қолдау компаниямыздың еңсе тіктеп, дамуына көмектесті. Субсидиямен қатар несие алуға бізге «Даму» Қорының банкке несие сомасының 50% мөлшерінде кепілдік беруі де жақсы көмектесті»,-дейді компания директоры Юнус Дахкильгов.
Plastic Pro Invest өнімдері сұранысқа ие және көптеген салаларда пайдаланылады. Сол арқылы Қазақстанда бірқатар тауарлардың импортын алмастырып отыр.
Телефоны: +7 701 715 02 32; +7 777 202 57 15
Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылы, Құлжа көшесі, 1-үй.