Кеңес ал!

28.05.2026

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, Алматы қ., Гоголь көш, 111 орналасқан, реквизиттері: ЖСК KZ196017131000002552, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, БСК HSBKKZKX, БСН 970840000277, Кбе 15 Жалғыз Акционердің («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқармасының 20.05.2026 ж. № 19/26 сырттай отырысы) шешімі негізінде жай акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы хабарлайды.

2025 жылға арналған іс-шаралар қорытындысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 349,74 (үш жүз қырық тоғыз) теңге 74 тиын болды. Дивидендтердің жалпы сомасы 9 727 054 216,56 (тоғыз миллиард жеті жүз жиырма жеті миллион елу төрт мың екі жүз он алты) теңге 56 тиын.

2025 жылғы дивидендтерді төлеудің басталу күні – шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап (2026 жылғы 21 мамырдан бастап).

Дивидендтер 2026 жылғы 30 мамырға дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ акционерлер тізілімі жүйесінде көрсетілген «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ банктік шотына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен төленеді.