Қазақстанның үшінші мегаполисіне заманауи терминалы бар халықаралық әуежай қажеттігі бұрыннан көкейде жүрген жай. Жәй ғана емес, әуе айлағының сыйымдылығын он есе арттыратын, бүкіл аймақ тамырына қан жүгіртетін терминал керек еді.
Құрылыс жұмысында ғана емес, сонымен қатар ХАБ-ты әуежайларды одан әрі тиімді дамытуда жеткілікті тәжірибесі бар SCAT компаниясы жобаның бас инвесторы ретінде Шымкент әуежайын құру және дамыту бойынша өзінің жеке жобасын ұсынды.
Жаңа терминал бір уақытта 2000 жолаушыға және 16 ұшаққа қызмет көрсете алатын болады. Соның арқасында жолаушылар ағыны жылына 800 мыңнан 3,5 миллионға дейін көбейеді.
Инфрақұрылымды жаңа деңгейде дамыту арқасында бизнес пен жеке тұлғалардың жүк тасымалдауға деген сұранысын тиімді қанағаттандыруға мүмкіндік бар.
«Әуежай кешені, инженерлік-техникалық база мен жоғары деңгейлі авиация мамандарын шығаратын оқу орталығының арқасында 3000-нан астам адам жұмыспен қамтылады»,-дейді «SCAT» авиакомпаниясының президенті Владимир Денисов.
2020 жылы авиакомпания әуежайда жаңа жолаушылар терминалын салуға және құрал-жабдық сатып алуға «Халық Банкі» АҚ арқылы 14%-бен несие алды. Оның 7% «Даму» Қоры субсидиялайды.
SCAT қазірдің өзінде Оңтүстік Қазақстан авиациялық хабы негізінде Қазақстанның оңтүстігін Балтық бойы елдері, Қытай, Ресей, Кавказ, Тайланд, Үндістан және Еуро Одақпен байланыстыратын 12-ден астам ішкі және 16 халықаралық бағыттарды жоспарлап отыр.
Мекенжай: Шымкент қ., Шымкент Халықаралық әуежайы
Тел.: +7(7252) 99-88-80
сайт: www.scat.kz