Кеңес ал!
2024 жылы Арай Жүзжасарова Берікқызы Қазақстандық өндіріс базасында әзірленген авторлық косметикалық брендтің негізін қалады. Бұл бағытты таңдауға оның бьюти-индустрияға деген қызығушылығы мен визаж өнеріне әуестігі себеп болды. Сонымен қатар, Арай мамандығы бойынша химик-технолог болғандықтан, студенттік жылдардан бастап косметика әзірлеумен айналысып, өзінің жеке брендін құруды армандаған.
Осылайша, 2025 жылы нарықта «ELLAY» косметикалық бренді пайда болды. Брендті Арай нөлден бастап өз күшімен қалыптастырды. Өнімдерді әзірлеу барысында ол дизайнерлермен және технолог-мамандармен тығыз жұмыс істеді. Косметика толықтай Қазақстанда өндіріледі және барлық қажетті сапа стандарттарына сәйкес келеді. Сонымен қатар, өнімдер «HALAL» талаптарына сәйкес сертификатталған.
«ELLAY» өнімдерінің ерекшелігі — «Табиғат + Ғылым» тұжырымдамасының үйлесімді ұштасуында. Өнім құрамында табиғи экстракттармен қатар жоғары концентрацияланған тиімді белсенді компоненттер қолданылады.
Компанияның бастапқы кезеңінде мүлде жаңа әрі танымал емес брендті нарыққа шығару оңай болған жоқ. Арай аудиториямен ашық әрі шынайы байланыс орнатып, өндіріс процесінің кезеңдерімен бөлісіп, өнімнің жасалу жолы туралы айтып отырды. Нәтижесінде тұтынушылардың сенімі біртіндеп арта түсті: сатып алушылар өнімді сатып алып, сапасына риза болып, брендті өзгелерге ұсына бастады. Соның арқасында бренд туралы ақпарат тез таралып, сатылым көлемі ай сайын тұрақты өсім көрсетті. Сұраныстың артуына байланысты компания өнім ассортиментін белсенді түрде кеңейте бастады.
Ағымдағы жылдың басында бизнесті одан әрі дамыту мақсатында Арай «Қазақстан Халық Банкі» қаржыландыруына, сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мемлекеттік қолдауына жүгінді. Нәтижесінде кәсіпкер қажетті қаржыландыруға ие болып, «Кепілдік қоры 1» бағдарламасы аясында кепілзатпен қамтамасыз ету бойынша 85% мөлшерінде кепілдік алды.
Бүгінде компания өнімдері барған сайын танымал бола түсуде, ал ассортименті кеңейіп келеді. Алайда Арай мұнымен тоқтап қалмақ емес. Оның алдағы жоспары — отандық косметикалық брендті ауқымды деңгейге шығарып, Қазақстанның барлық қалаларында серіктестік желі қалыптастыру.
Байланыс телефоны: +7 708 395 49 72
Instagram: @ellay.kz