Кеңес ал!
Gofra Box компаниясының тарихы — еңбек, мықты команда және өз ісіне деген сенімнің арқасында шағын өндірістің заманауи кәсіпорынға айнала алатынының жарқын мысалы.
Компания өз жұмысын 2019 жылы бастады. Кәсіпорынның негізін қаптама өндірісі саласында көп жыл еңбек еткен Оксана Николаевна Ошурова қалады. Ол өз тәжірибесіне сүйене отырып, жеке кәсібін ашуға шешім қабылдады. Барлығы шағын қоймадан, бір ғана станоктан, бір кеңседен және 10 адамнан тұратын командадан басталды.
Өндіріс жылусыз әрі толық жағдай жасалмаған жалдамалы ғимаратта орналасты. Соған қарамастан, бұл компанияның дамуына кедергі болған жоқ. Алғашқы күннен бастап команда қораптарды өндіруден бастап, тапсырыстарды тиеу мен жеткізуге дейінгі барлық жұмысты өздері атқарды.
2021 жылғы қиын кезеңнен кейін компания басқаруын толықтай Алина Бирюкова қолға алды. Қиындықтар мен қысымға қарамастан, ол командасымен бірге бизнесті сақтап қана қоймай, оны жаңа деңгейге көтеруге шешім қабылдады.
Алғашқы маңызды қадамдардың бірі — жеке жүк көлігін сатып алу болды. Бұл көлік жалдау шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Кейін компания жер телімін сатып алып, өз өндірістік базасының құрылысын бастады.
Кәсіпорынның одан әрі дамуына мемлекеттік қолдау айтарлықтай ықпал етті. Компания Алматы облысы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қолдауымен ForteBank арқылы «Өрлеу» бағдарламасы аясында жылдық 12,6% мөлшерлемемен қаржыландыру алды. Қаржыландыру нәтижесінде компания өндірістік цех құрылысын аяқтап, заманауи құрал-жабдықтар сатып алды.
Бүгінде Gofra Box мейрамханаларға, фармацевтикалық компанияларға, жеткізу қызметтеріне және ірі брендтерге арналған гофроқаптама шығарады. Компания клиенттерінің қатарында Magnum Cash & Carry, SMALL, Knauf және басқа да өндірістік кәсіпорындар бар.
Егер бастапқыда компанияда бір кеңсе мен 10 қызметкер ғана болса, бүгінде Gofra Box-та 35 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын тұрақты түрде 350–400 шаршы метрге дейін өнім өндіріп, өндірістік қуатын кеңейтуді жалғастырып келеді.
Компания өндіріс сапасы мен жылдамдығына ғана емес, экологиялық жауапкершілікке де ерекше мән береді. Картон қаптамалар қоршаған ортаға қауіпсіз, қайта өңделеді және қайта пайдалануға жарамды.
Бүгінде Gofra Box — өз командасымен және клиенттерімен бірге тұрақты дамып келе жатқан заманауи қазақстандық өндіріс.
«Gofra Box» ЖШС
Тел.: +7 747 274 72 74
Сайт: gofrabox.kz
Пошта: gofrabox.kz@gmail.com