Кеңес ал!

26.05.2026

Қызылорда қаласында жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге арналған жаңа өндірістік кешен — «Цифрлық депо» іске қосылды. Жобаның жүзеге асырылуы өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын және Қазақстанның теміржол саласын дамытудағы маңызды қадам болды.

Қызылорда облысы халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінде стратегиялық маңызды орынға ие. Бұл өңірдің көлік-логистикалық әлеуетінің артуына ықпал етеді. Облыс аумағы арқылы 1000 шақырымнан астам магистральдық теміржол желілері өтеді.

Жобаның бастамашысы — Қызылорда облысындағы теміржол жолаушылар тасымалы саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі «Марал-Нұр» ЖШС. Компания Қазақстан Республикасы ішіндегі әлеуметтік маңызы бар бағыттарға сапалы қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда кәсіпорын «Қызылорда – Павлодар» және «Жезқазған – Астана» бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда.

Компания жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Жылжымалы құрам тұрақты түрде техникалық қызметтен өткізіліп, вагондарды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жолаушыларға кондиционерлермен, микротолқынды пештермен және тоңазытқыштармен жабдықталған таза әрі жайлы купе және плацкарт вагондары ұсынылады. Сонымен қатар қызмет көрсету сапасы мен персоналдың кәсіби даярлығына ерекше назар аударылады.

Қызмет аясын кеңейту және жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Марал-Нұр» ЖШС Қызылорда қаласында заманауи «Цифрлық депо» кешенінің құрылысын жүзеге асырды. Жаңа өндірістік нысан сервистік қызмет көрсетудің тиімділігін арттырып, кәсіпорынның өндірістік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру аясында қаржыландырудың бір бөлігі «Даму» қорының пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қолдауы арқылы қамтамасыз етілді. Көрсетілген мемлекеттік қолдау жобаның табысты жүзеге асуына және кәсіпорынның одан әрі дамуына оң ықпалын тигізді.

Жаңа өндірістік кешен жылына 600-ден астам жолаушылар вагонына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоба аясында 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, бұл Қызылорда қаласы тұрғындарын жұмыспен қамтуға және өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға маңызды үлес қоспақ.

Мекенжайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Белкөл кенті

Тел.: +7 724 227 87 88

Instagram: @toomaralnur