Кеңес ал!
Кәсіпкер Базаркүл Суюкулова жеке кәсібін ашқанға дейін теміржол саласында көп жыл еңбек еткен. Алғашында шағын дүкен ашу үшін ғимаратты жалға алып, кейін жұбайы мен балаларының қолдауымен отбасылық бизнесті дамыта бастады. Тауарларды Астрахань қаласынан жеткізуді отбасы мүшелері өздері ұйымдастырған.
Кәсіпкердің айтуынша:- «Кез келген кәсіпті нөлден бастау оңай емес. Біздің де жолымызда қиындықтар мен қуанышты сәттер болды. Алайда табанды еңбек пен отбасының қолдауының арқасында біз өз мақсатымызға жете алдық. Бүгінде кәсібімізді тұрақты дамытып, алдағы уақытта одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырмыз».
Бүгінде «Муса» аралас дүкені Жылыой ауданы тұрғындарына қызмет көрсетіп, күнделікті қажетті тауарлардың кең ассортиментін ұсынуда. Кәсіпорында 4 жаңа жұмыс орны құрылып, бүгінгі күнге дейін жұмыс атқарулуда.
Кәсіптің дамуына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қолдау көрсетіп, «ГФ-1 шеңберіндегі кепілдендіру» бағдарламасы аясында несиеге кепілдік ұсынды. Ал айналым қаражатын толықтыру үшін қаржыландыруды «Банк Центр Кредит» АҚ қамтамасыз етті.
Қазіргі уақытта «Суюкулова Б.» ЖК сауда саласындағы қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Мекен жайы:Атырау қаласы
Жылыой ауданы Құлсары қаласы
Алтынсарин көшесі,20
Байланыс тел: 87026607068