menu
Жабу

Шу қаласының кәсіпкері стартап-жобасын жүзеге асырды

Жаңалықтар
19.09.2017

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауының арқасында Шу қаласында «Сейтенова» ЖК басшысы Айгүл Молдабаева мал шаруашылығы саласында старт-ап жобасын сәтті жүзеге асыра бастады.

Сүт өнімдерінің үлкен сұранысқа ие болуы және сүт құнының өсуіне байланысты Айгүл Оралбайқызы 18 ірі қара мал сатып алуды шешті.

Осыған байланысты «Сейтенова» ЖК «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 18 ірі қара мал басын сатып алу үшін 10 000 000 теңге несие алуға «Ресей Сбербанк» АҚ ЕБ жүгінді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде банктің пайыздық мөлшерлемесінің 10% бөлігін субсидиялау мақұлданды. Банк мақұлданған жылдық мөлшерлемесі 15%-ды құрады. Осылайша, кәсіпкер бар болғаны 5% үстеме төлейді.

Сонымен қатар, жоба шеңберінде несие сомасының 40%-ын құрайтын 4 млн теңге мөлшердегі кепілдікті «Даму» Қоры ұсынды.

Кәсіпкер «Даму» Қорына алғыс білдіреді.