Елшібеков Нұржан 2010 жылы қарындасы екеуі базарға сауда жасау үшін шыққан. Ол жерде кәсіпкер бірнеше сауда нүктесін алып, зат сатты. Ал 2019 жылдан бастап логистикалық қызметпен айналыспақ болды.
Осы уақытқа дейін жинаған қаржысына алғашқы жүк көлігін сатып алды. Жоспары - Қазақстан-Ресей-Қытай бағыты бойынша тауар тасу. Қазір кәсіпкерде 2 жүк көлігі бар, яғни 2 адамды жұмыс беріп отыр.
Тапсырыс санының артуына байланысты және жүк тасымалын ауқымын кеңейту мақсатында тіркемесі бар тағы бір DAF жүк тартқыш қажет болған кезде ол мемлекет көмегіне жүгінбек болды.
Кәсіпкер мемлекеттің кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп жатқанын біліп, жан-жақты кеңес алу үшін «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына келді. Сол жерде толық кеңес алып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарыз алу тиімді екенін білді.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Нұржан Әуесбекұлының өтінімін қарап, 6%-бен 16 000 000 теңге қарыз берді. Кәсіпкер құны 4 000 000 теңге болатын жүк көлігінің жартылай тіркемесін өз қаражатына сатып алуға шешім қабылдады.