Кеңес ал!
Кәсіпкер Төлепов Тұрсын жиһаз өндірісі саласындағы қызметін 2013 жылы бастап, «Абзал мебель» брендіне негіз қалады. Алғашқы жылдары кәсіпорын негізінен шағын тапсырыстарды орындап, арнайы жабдықтардың болмауына байланысты жұмыстардың басым бөлігі қолмен атқарылды. Іске деген жауапкершілік, өнім сапасының жоғарылығы және тұтынушылардың оң пікірлері компанияның жыл сайын дамуына және нарықтағы орнын нығайтуына ықпал етті. Бүгінде «Абзал мебель» өңірдегі жиһаз өндіру саласының көшбасшы кәсіпорындарының біріне айналды.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты – премиум санаттағы корпус жиһаздарын өндіру және әртүрлі ағаш ұсталығы жұмыстарын орындау. Компания нарықта 10 жылдан астам уақыт табысты жұмыс істеп келеді және Қазақстанның барлық өңірлеріне кеңсе, коммерциялық және тұрғын үй жиһаздарын өндіру мен жеткізу бойынша мол тәжірибе жинақтаған. Өндірісте Еуропа, Түркия және Ресей елдерінен әкелінетін жоғары сапалы материалдар мен фурнитуралар пайдаланылады.
Өндіріс көлемін ұлғайту және заманауи жабдықтар сатып алу мақсатында кәсіпкер Төлепов Тұрсын «Даму» қорының қолдауымен, 2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде «Еуразиялық банк» АҚ арқылы қаржыландыруға қол жеткізді.
Өнім өндіру заманауи жабдықтар мен озық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл дайын өнімнің тұрақты жоғары сапасын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті бағаларды ұсынуға мүмкіндік береді. Кәсіпкердің жеке өндірістік цехы материалдарды сақтаудан бастап дайын өнімді қаптауға дейінгі барлық өндірістік үдерісті тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Бүгінде «Абзал мебель» өндірістік әлеуетін арттырып, дамуын жалғастыруда. Компания тұтынушыларға заманауи талаптарға сай, сенімді әрі сапалы жиһаз өнімдерін ұсынып келеді.
Қызылорда қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 118
Тел: +7 707 526 70 70
Инстаргам: abzal_mebel_kzo