Кеңес ал!
«KAZPIPE ELEMENT» ЖШС – Қазақстандағы сумен жабдықтау және газдандыру жүйелеріне арналған полиэтилен құбырлары мен фитингтерін өндіретін және жеткізетін жетекші отандық кәсіпорындардың бірі.
Компания 2011 жылы құрылған және бүгінде Атырау облысында табысты жұмыс істеп, инженерлік инфрақұрылымды салу және жаңғырту саласын сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты – сыртқы сумен жабдықтау және газ тарату желілеріне арналған әртүрлі диаметрдегі полиэтилен құбырларын өндіру. Сонымен қатар, компания инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану үшін қажетті полиэтилен фитингтері мен қосалқы бөлшектердің кең ассортиментін ұсынады. Еуропаның бірқатар танымал брендтерінің ресми дистрибьюторы ретінде «KAZPIPE ELEMENT» ЖШС өз тұтынушыларына заманауи технологиялық шешімдер мен халықаралық сапа талаптарына сай өнімдерді ұсынады.
Барлық құбыр өнімдері сенімді өндірушілердің сапалы шикізатын пайдалана отырып, заманауи жоғары технологиялық жабдықтарда өндіріледі. Өндірістік үдерістер Қазақстан Республикасында енгізілген және тіркелген ISO халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес жүзеге асырылады. Бұл шығарылатын өнімнің сенімділігіне, ұзақ мерзімділігіне және қауіпсіздігіне кепілдік береді.
Өндірістік үдерістерді тұрақты жетілдірудің арқасында кәсіпорын отандық өндірісті дамытуға және еліміздегі ірі инфрақұрылымдық жобалардағы жергілікті қамту үлесін арттыруға елеулі үлес қосып келеді. Компания өнімдері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, ауыз сумен жабдықтау жүйелерін, елді мекендерді газдандыру және өнеркәсіптік объектілерді салу мен қайта жаңғырту барысында кеңінен қолданылады.
Компания өңірдегі кадрлық әлеуетті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінде кәсіпорында 25 тұрақты жұмыс орны құрылған, бұл Атырау облысындағы халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыруға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.
Бүгінде «KAZPIPE ELEMENT» ЖШС өндірісті жаңғыртуға, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және заманауи технологияларды енгізуге инвестиция сала отырып, тұрақты дамуын жалғастыруда. Кәсіпорын өңірлік экономиканы қолдауға және еліміздің стратегиялық маңызды салаларын сенімді әрі сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған табысты қазақстандық бизнестің жарқын үлгісі болып табылады.
Мекен-жайы: Атырау қаласы, Северная өнеркәсіптік аймағы 18А
Instagram: kazpipe_element
Телефондар: +7 701 752 62 82,
+77015052256