Кеңес ал!

29.06.2026

«Пластком» ЖК – балалар ойын және спорт алаңдарын, сондай-ақ балабақшаларға арналған жиһаздарды жобалау және өндірумен айналысатын қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Компания өз қызметі барысында балалар үшін қауіпсіз әрі сапалы өнім өндіретін сенімді кәсіпорын ретінде танылды.

Кәсіпорын Мичурино ауылында орналасқан, аумағы 400 шаршы метрден асатын жеке өндірістік цехы бар. Өндіріс заманауи ағаш өңдеу және темір ұсталық жабдықтармен, сондай-ақ дайын өнімдерді бояуға арналған желімен жабдықталған. Бұл өнімнің сапасын өндірістің барлық кезеңінде бақылауға мүмкіндік береді.

Бүгінде кәсіпорында 20-дан астам қызметкер еңбек етеді. Мамандар тобы жобаны әзірлеуден бастап дайын өнімді орнатуға дейінгі барлық жұмыстарды толық атқарады. Компанияның тапсырыс берушілері қатарында құрылыс компаниялары, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер, жергілікті атқарушы органдар және жеке тұлғалар бар. Кәсіпорынның одан әрі дамуы мен қаржылық тұрақтылығын нығайту мақсатында кәсіпкер «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысты.

Қаржыландыру «ForteBank» АҚ арқылы алынып, қолданыстағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорын қаржылық жүктемені азайтып, өндірісті дамытуға қосымша қаражат бөлуге мүмкіндік алды.

Нәтижесінде өнім түрлері кеңейіп, кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артты. Бүгінде «Пластком» ЖК балалардың белсенді демалысы мен дамуына арналған қауіпсіз, заманауи және тартымды алаңдар жасап, өз қызметін табысты жалғастыруда.

Бұл кәсіпорынның тарихы мемлекеттік қолдау шаралары бизнестің өсуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына оң әсер ететінінің жарқын дәлелі болып табылады.

Байланыс ақпараты:
БҚО, Орал қаласы, Ғ.Қараш көшесі, 99, 1 пәтер

+7 705 105 19 75,

@plastcom