info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Gilardi Kazakhstan трансформер-жиһаз шығарады

Жаңалықтар
23.10.2020

Пәтерді басы артық заттардан арылтып, жайлылық сезімін сыйлауға трансформер жиһаз көмектеседі. Артықшылығы көп. Функционалды, бөлмедегі орынды үнемдейді. Әсіресе балалар бөлмесі үшін ыңғайлы. Бала тез өседі. Сондықтан өндіруші баланың қажеттілігі мен жиһаздың қолданыс мүмкіндігін ескереді. Трансформер жиһаз баламен бірге «өсіп», жаңа пайдалы бөлшектерге айналатын етіп жасалады. Ал қонақ бөлме жиһаздың арқасында кең сарайға да, мол дастархан жаятын орынға да айнала алады.

Бүгінгі кейіпкеріміз – қарағандылық өндіруші Gilardi Kazakhstan ЖШС. Компания дәл осы трасформер жиһаз шығарумен айналысады.

Бизнесін кеңейту үшін Gilardi Kazakhstan ЖШС 2020 жылы «Нұрбанк» АҚ арқылы коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 15%-бен қаржы алды. Оның 9%-ын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялайды, ал қалған 6%-ы кәсіпкердің еншісінде. Субсидия 33 айға берілді.

Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Республика даңғ., 3/2 бет. Алтын Жол со, 1 қабат,

Тел.: +7 (777-32) 2-10-90, +7 (701-79) 6-59-51

www.gilardi.kz

e-mail: gilardi@bk.ru

Instagram: transformer_kz