Кеңес ал!

26.06.2026

«Arabica Coffee Roasters» ЖШС – өз қызметін 2025 жылы бастаған Ақтөбе қаласындағы жас кәсіпорын. Жақында ғана жұмысын бастағанына қарамастан, компания жаңа қуырылған кофе өндіруді дамыту және өңірде сапалы кофе тұтыну мәдениетін қалыптастыру бағытында ауқымды мақсаттар қойып отыр.

Кәсіпорынның негізгі қызметі – кофе дәндерін қуыру және қаптау. Өндірісті ұйымдастыру мақсатында арнайы жабдықтармен жабдықталған, ауданы 170 шаршы метрді құрайтын заманауи цех іске қосылды. Өндірістік қуаттылығы айына 2 тоннаға дейін жаңа қуырылған кофе өндіруге мүмкіндік береді.

Компания өнімдері Ақтөбе облысының аумағында сатылуда. Өндірістік қызметпен қатар, кәсіпорын өз брендін белсенді түрде дамытып, клиенттік базасын кеңейту бағытында жұмыс жүргізуде. Алдағы уақытта компания кофеханалар желісін ашуды, кофе саласының мамандарын даярлайтын оқу-тренинг орталығын құруды, сондай-ақ франчайзинг моделі бойынша бизнесті дамытуды жоспарлап отыр.

Жобаны іске асыру барысында компания мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланды. 2025 жылдың қазан айында кәсіпорын «Өрлеу» бағдарламасы аясында «ForteBank» АҚ арқылы жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізді. Сонымен қатар, жоба №1 Кепілдік қоры шеңберіндегі кепілдендіру құралы бойынша «Даму» қорының кепілдік қолдауын алып, өндірісті іске қосу және дамыту үшін қажетті қаржыландыруды тартуға мүмкіндік алды.

Бүгінде «Arabica Coffee Roasters» өңірдің өңдеуші өнеркәсібін дамытуға өз үлесін қосып, сапалы отандық өнім өндіру және Қазақстандағы кофе мәдениетін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруда.

Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Санкибай батыр даңғылы, 1Е ғимараты.

Байланыс телефоны: +7 (747) 322-80-14

Instagram: @crack.roasteryy