Кеңес ал!

25.06.2026

«Манас KZ» ЖШС компаниясы, оның негізін қалаушы Даурен Мирзарахимұлы Ғайыповтың еңбекқорлығы мен мақсаткерлігінің арқасында сүйікті ісінің табысты бизнеске айналып, өңірдің дамуына елеулі үлес қоса алатынының жарқын үлгісі болып табылады.

Компания 2010 жылдың қаңтар айында құрылып, металл бұйымдарының кең ассортиментін өндіруге маманданды. Бүгінде кәсіпорын есіктер, терезелер, торлар, қоршаулар, қақпалар, сәндік элементтер, сондай-ақ үй мен баққа арналған эксклюзивті жиһаздар шығарады. Компанияның өндірістік базасы Жезқазған қаласында орналасқан. Өнімдер Ұлытау облысында ғана емес, Астана, Шымкент қалалары және Қазақстанның басқа да өңірлерінде жоғары сұранысқа ие.

«Манас KZ» ЖШС-нің ерекшелігі – өндірілетін өнім түрлерінің алуан түрлілігі. Кәсіпорын дәстүрлі металл бұйымдарынан бөлек, аялдама павильондарын, қоқыс контейнерлері мен урналарды дайындап, орнатумен айналысады. Компания қызметінде балалар үйлері мен қоғамдық орындарға арналған балалар ойын алаңдарын өндіру және орнату ерекше орын алады. Бұл жобалар өскелең ұрпақ үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Тапсырыс көлемінің артуына байланысты өндірістік қуаттарды кеңейту қажеттілігі туындады. Бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдаланды.

Кәсіпорын жобасы «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында қолдау тауып, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мүмкіндігіне ие болды. Соның арқасында компания қаржылық жүктемені азайтып, қосымша қаражатты өндірісті дамытуға және шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға бағыттады.

Жобаны іске асыру кәсіпорынның нарықтағы позициясын нығайтуға, өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге және қызметкерлердің тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бүгінде «Манас KZ» ЖШС қарқынды дамуын жалғастырып, өнім түрлерін көбейтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда.

Даурен Ғайыповтың айтуынша, кәсіпкерліктегі табыс өз ісіңді сүю мен үнемі жетілдіріп отыруға деген ұмтылысқа тікелей байланысты: «Өз ісіңізді сүйіңіз, қиындықтардан қорықпаңыз және әрдайым дамуға ұмтылыңыз – сонда нәтиже міндетті түрде болады.»

«Манас KZ» ЖШС тарихы кәсіби шеберлік, табандылық және мемлекеттік қолдаудың тиімді құралдары кәсіпкерлерге ауқымды жобаларды жүзеге асыруға, бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашуға және отандық өндірістің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретінін айқын көрсетеді.

Мекенжайы: Жезқазған қаласы, Ұлытау көшесі, 1А

Instagram: @kovanieizdeliya.zhez

Телефон: +7 707 798 0770